Текст песни "Қарақат Әбілдина - Анашым (Анашым қартаймашы жалынамын)" - Қарақат Әбілдина

Оянғанда түнде жұбатып
Ақ сүт беріп өсірген
Басқанымда тәй-тәй қуантып
Тұсауымды кестірген

Анашым құдіретіңе табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын

Көз алдымда дәурен балалық
Тілімді алмай есірген
Балалық қылсам шалалық
Әр кез мені кешірген

Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анашым қартаймашы жалынамын

Анашым саған қарызым
Бас иемін даңқына
Білемін өтеу парызым
Кір келтірмей атына

Анашым құдіретіне табынамын
Көрмесем бір күн сені сағынамын
Анащым қартаймашы жалынамын

Популярные тексты песен исполнителя Қарақат Әбілдина

Қарақат Әбілдина - Анашым (Анашым қартаймашы жалынамын)